2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес камералдық бақылау жүргізу тәртібі елеулі түрде жаңартылады. Камералдық бақылауға қатысты негізгі нормалар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 136 және 137-баптарында белгіленген.
Камералдық бақылау салықтық есептілікті және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді талдау, сондай-ақ әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде бұрынғы хабарламалар мен ескертулер форматын алмастыратын бірыңғай сәйкес еместіктер туралы хабарлама жіберіледі. Оның нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығымен бекітіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Салық төлеушіні хабардар етудің жаңа тетігі қолданылады: горизонталдық мониторингте тұрған салық төлеушілерге хабарламалар қарастырылмаған.
Хабарламаны орындау мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Хабарламаны орындау мынадай іс-шараларды қамтиды:
— анықталған бұзушылықтарды жою және түзетілген салық есептілігін ұсыну;
— бұрын қайтарылған қосылған құн салығын және есептелген өсімпұлды төлеу;
— өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне қойылатын талаптарды орындау;
— тиісті салық салу режиміне көшуге байланысты көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Салық төлеуші хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда, олардың туындау себептері бойынша түсіндірмелерді белгіленген тәртіппен ұсынуға құқылы.
Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау — салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтатуға, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-платформаны Қазақстан Республикасының аумағында пайдалана отырып қызмет жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-платформасына қол жеткізуді шектеуге әкеледі. Бұл шаралар Салық кодексінің 86, 88 және 89-баптарына сәйкес қолданылады.
Салық төлеуші хабарламаны сот тәртібімен даулау құқығына ие. Сотта қарау кезеңінде талап арыздың іс жүргізуге қабылданғаны туралы сот актісінің көші.