2026 жылғы 1 қаңтардан бастап подакциздік тауарлардың тізбесін кеңейтуге және бірқатар санаттар бойынша ставкаларды арттыруға бағытталған жаңа акциздік салық салу қағидалары күшіне енеді.
Акциз төлеушілердің тізбесі
• Газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсутектер қоспаларын және экологиялық отынды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілерге жатқызылады.
• Сатып алатын немесе импорттайтын жеке тұлғалар:
• 18 000 АЕК-тен бастап құны бар жеңіл автомобильдер.
• 24 000 АЕК-тен бастап құны бар кемелер және әуе кемелері.
• Өндірістік жинақтау туралы келісім болған жағдайда подакциздік тауарларды импорттаушылар тізбеден шығарылды.
Подакциздік тауарлар тізбесі
Қосылғандар:
• Энергетикалық сусындар.
• 18 000 АЕК-тен бастап құны бар жеңіл автомобильдер.
• 24 000 АЕК-тен бастап құны бар кемелер және әуе кемелері.
Шығарылғандар:
• Электрондық сигареттерге арналған никотинді сұйықтықтар.
Акциз ставкалары
Алкоголь өнімдері: коньяк, бренди, шарап, сыра және виноматериал бойынша ставкалар көтерілді.
Темекі өнімдері:
• 2030 жылға дейін жыл сайын ставка өсімі енгізілді.
• Сигареттерге, сигараларға, темекіге, кальян темекісіне және қыздырылатын темекі өнімдеріне ставкалар ұлғайды.
Жаңа ставкалар:
• Құны 500 мың теңгеден асатын алкоголь импорты — құнының 10%.
• Құны 10 мың теңгеден асатын сигара импорты — құнының 10%.
• 18 000 АЕК-тен асатын автомобильдер — құнының 10%.
• 24 000 АЕК-тен асатын кемелер мен әуе кемелері — құнының 10%.
• Энергетикалық сусындар — 100 тг/л.
Құнын анықтау
• Импорт кезінде — кедендік құн бойынша.
• Қазақстанда сатып алғанда — шарттық баға бойынша.
Бұл өзгерістер подакциздік тауарлар нарығын реттеуді күшейтуге, бюджет
кірістерін арттыруға және жауапты тұтынуды ынталандыруға бағытталған.