Сұрақ: 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін арнайы салық режимдерінің қандай түрлері қолданылады?
Жауап: 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын қолданыста болған жеті салықтың орнына үш арнайы салық режимі (АСР) қалады:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2) оңайлатылған декларация;
3) шаруа және фермер қожалықтары үшін.
Сұрақ: Арнайы салық салу режимін қолдануға өтінішті неше күн ішінде беру керек?
Жауап: Шарттарға сәйкес болған кезде АСР таңдауы қолданылатын режим туралы хабарламада көрсетіледі:
- ЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде;
- жаңадан құрылған ЗТ тіркеуші органда мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Егер жаңадан құрылған салық төлеуші АСР-ды таңдамаған жағдайда, онда мұндай салық төлеуші Хабарлама берілгенге дейін әдепкі бойынша салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін таңдаған болып танылады.
Сұрақ: кірістер мен мүлік туралы Декларацияда қандай кірістер көрсетілуі керек?
Жауап: 270.00 СЕН-да жеке тұлға дербес салық салынатын кірістер ғана көрсетіледі. Табыстың мұндай түрлеріне мүліктік кіріс (мүлікті сатып алу-сату кезінде құн өсімінен түскен кезде), жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер, шетелден келген кірістер жатады.
Сұрақ: кәсіпкерлердің тек қолма-қол ақшамен төлеу талаптары заңды ма?
Жауап: "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әртүрлі тәсілдері көзделген– банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап). Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет ескерту көзделген, қайталап бұзған жағдайда – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы). Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартудың барлық фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына жазбаша жүгіну қажет.