Қате төленген мемлекеттік баж сомасын қалай қайтаруға болады?

Сұрақ: Қате төленген мемлекеттік баж сомасын қалай қайтаруға болады?

Жауап: Мемлекеттік баждың қате төленген сомасын қайтару тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде оның іс-әрекеттерін жасамау фактісін растаған жағдайда (оның ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін іс-әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) жүргізіледі.

Қайтаруды жүзеге асыру үшін салық төлеушіге салықтық өтінішті және қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжатын ұсыну қажет.

Дата публикации
17 апреля 2025