О некоторых вопросах применения контрольно-кассовых машин

Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығы

 

 

(2025.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2020.01.06. № 554 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына167-бабының 6-тармағына170-бабының 2-тармағына171-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.02. № 192 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.27.12. № 1326 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 14 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

1. Қоса беріліп отырған:

 

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;

 

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;

 

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;

 

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;

 

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар чегінің нысаны;

 

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;

 

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;

 

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.02. № 192 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

 

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

 

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін

 

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

 

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

 

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

 

 

 

Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
17 апреля 2025