Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөнінде

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы


(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚР Қаржы министрінің 2021.04.06. № 531 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

ҚР Қаржы министрінің 2021.04.06. № 531 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.26.12. № 1321 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі (бұдан әрі - Тауарлар тізбесі);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары бекітілсін.

  1. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (бұдан әрі - Тізбесі).

  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін, Тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 9-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары-
Қаржы министрі

 

 

А. Смаилов


ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.13.04. № 379 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020.19.06. № 615 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2020.14.10. № 1006 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.26.03. № 253 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.04.06. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.01.11. № 1127 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.13.04. № 401 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.22.11. № 1178 бұйрығымен (2023 ж. 24 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.15.03. № 278 бұйрығымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда; ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.26.12. № 1321 бұйрығымен (2024 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2024.11.09. № 619 бұйрығымен (2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөнінде
Дата публикации
15 апреля 2025