Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылған.
Бүгінгі таңда, үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді.
2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды.
Бұл шамамен 8 млн. адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар.
Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады.
Бұған мемлекеттік органдардың деректерқорын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етеді.
Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына қатысты.
Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі.
Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс.
Сонымен қатар, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді.
Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы (270.00 нысан) декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.
2025 жылы жеке тұлғалардың қай санаттары активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырады?
Жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңін алып тастау тұжырымдамасын қайта қарау аясында кейбір жеке тұлғалар үшін міндетті декларациялау сақталады, сондай-ақ ерікті түрде декларация тапсыру құқығы да қалады.
Заңнамалық деңгейде енгізіліп жатқан түзетулерге сәйкес, жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (ФНО 250.00) тапсыру міндеті келесі санаттарға ұсынылады:
- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, жеке сот орындаушыларылар);
- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуды қалайтын тұлғалар.
Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:
- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
- шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асса;
- инвестициялық және бағалы металдар;
- шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
- брокерлік шоттардағы қаражат;
- зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;
- цифрлық активтер;
- дебиторлық/кредиторлық қарыздар;
- құны 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын мүлік (антиквариат, сән-салтанат заттары және т.б.).
Декларацияны тапсыру мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда). Декларацияны салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, ВСС.kz мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде тапсыруға болады.
Жеке тұлғалардың қай санаттары кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруы тиіс?
Кірістер және мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме (270.00 нысаны) келесі санаттарға қолданылады:
Мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;
Банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
Коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (акционерлік қоғамда 10% және одан жоғары дауыс беретін акциясы бар тұлғалар) және олардың жұбайлары;
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
Шетелде мүлкі бар азаматтар (240.00 нысанын ұсыну тәртібіне ұқсас);
Дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің табысын қоспағанда,;
Шетелдік банктердегі шоттарында 1000 АЕК-тен жоғары қаражаты бар азаматтар;
Қазақстанда және шетелде жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлік сатып алған тұлғалар.
270.00 нысандағы декларацияны тұрғылықты жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», «e-gov.mobile», Halyk, Банк Центркредит, Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы немесе қолма-қол тапсыруға да құқылы.