Сұрақ:
Қандай жағдайларда ЭШФ толтырылуына шектеу жүргізіледі?
Жауап:
ЭШФ жазып беруді шектеу белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) камералдық бақылау бойынша, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда жүргізіледі.
Ол үшін жоғары дәрежелі бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау жөніндегі хабарламаны орындамаған және (немесе) орындалмаған деп танылған күннен кейінгі күннен бастап 1 жұмыс күн ішінде ЭШФ жазып беруді шектеу туралы шешім шығарылады.
ЭШФ жазып беруді шектеу туралы шешім қабылданған күнен кейінгі 1 – жұмыс күні ішінде 3 тәсілдің біреуімен жіберіледі:
1) ЭШФ ақпараттық жүйесі
2) Салық төлеушінің кабинеті: https://cabinet.kgd.gov.kz.;
3) Пайдаланушының «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті».
ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беруін шектеуді жою камералдық бақылау бойынша, жоғары тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтар бойынша хабарламаны орындаған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде шектеуді жою туралы шешім шығару арқылы жүргізіледі.