БКМ қолдану кезінде қандай талаптар қойылады?

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

  1. ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

  2. тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

  3. бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
30 января 2025