Салық органдарына жүктелген негізгі міндеттердің бірі, салықтар мен бюджетке төлемдердің толық және уақтылы төленуін бақылау болып табылады, бұл ретте кез келген мемлекеттің салық жүйесінің жұмыс істеуінің қажетті шарты тиімді салықтық бақылау болып табылады. Салықтық бақылау нысандарының біріне салықтық тексерулер жатады.
Салықтық тексеру - салық органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.
Салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 145-бабының 2-тармағына сәйкес, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер болып табылады.
Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық кесте, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулерді тағайындау үшін негіз болып табылады.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган интернет-ресурста тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін тексерулер жүргізу жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.