Сұрақ - Жауап

Сұрақ: Жеке кәсіпкер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданады. Биыл ол 2019 жылдың тамыз айында сыйға алған мүлікті (жұмыс жасап тұрған дүкен) сатуды жоспарлап отыр. Мүліктік кіріс пайда бола ма және бағалау жасауға болады ма?

Жауап: Бұл ретте Салық кодексінің 334-бабын басшылыққа алу қажет. Осы баптың 1-тармағына сәйкес басқа активтерге тауарлық-материалдық қорлар мен талаптар болып табылмайтын активтер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң басқа да активтерiн өткiзу кезiнде өсу әрбiр актив бойынша өткiзу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Егер басқа актив өтеусіз алынған болса, өтеусіз алынған мүлік түріндегі Салық кодексінің 681-бабының 2-тармағына сәйкес салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
Бұл ретте сыйға қабылданған мүлік оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін тиісті салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісіне енгізілуге жатады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, нысаналы мақсаты бойынша жылжымайтын мүлік 2019 жылдың тамыз айында сыйға өтеусіз алынғаны, ал мүліктің құны осы Кодекстің 2-тармағына сәйкес салық салу объектісіне енгізілмегені ескеріле отырып, Салық кодексінің 681-бабына сәйкес, тиісінше, қаралып отырған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің басқа активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс осындай мүлікті сату бағасы болып танылады.
Бұл ретте, Салық кодексінің 334-бабының 5-тармағына сәйкес мұрагерлікке, қайырымдылық көмекке алынған мүлікті өтеусіз алуды қоспағанда, бағалау туралы есеп бойынша нарықтық құн қолданылады.
Жеке табыс салығы жылжымайтын мүлікті сату (сату) сомасынан 10% ставка бойынша есептеледі. Салық кодексінің 364-бабының 1-тармағының негізінде жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жалпы декларация шеңберінде мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар тұрғылықты (болатын) жері бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей 270.00 нысанындағы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Дата публикации
19 ноября 2024