САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ) Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 24.06.2021 № 53-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "төлем қабілетсіздігін реттеу" деген сөздер "берешекті қайта құрылымдау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "оралмандарға", "оралмандар" және "оралмандарды" деген сөздер тиісінше "қандастарға", "қандастар" және "қандастарды" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"мүгедектерді", "мүгедектердің", "мүгедектерге", "мүгедек", "мүгедек баланы", "мүгедектерінің", "мүгедектер", "мүгедекке", "мүгедек бала", "мүгедек баланың", "мүгедектің" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адамдарға", "мүгедектігі бар адам", "мүгедектігі бар баланы", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адамдар", "мүгедектігі бар адамға", "мүгедектігі бар бала", "мүгедектігі бар баланың", "мүгедектігі бар адамның" деген сөздермен ауыстырылды;
"I, II топтағы", "I немесе II топтағы", "I, II немесе III топтардағы" деген сөздер тиісінше "бірінші, екінші топтардағы", "бірінші немесе екінші топтағы", "бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ) Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Дата публикации
04 апреля 2023