Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасымен 2022 жылы 166 кедендік тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша 1 632 млн. теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтарды (бұдан әрі – КТжС) қосымша есептеді, 1 568 млн. теңге өндірілді (өткен жылдардың актілері бойынша 27,5 млн. теңге, ағымдағы жылдың актілері бойынша 1 540,5 млн. теңге өндірілді).
Оның ішінде:
- 15 көшпелі кедендік тексеру, оның нәтижелері бойынша– 207,5 млн. теңге қосымша есептелген, 179,7 млн. теңге өндірілген;
- 131 камералдық кедендік тексерулер, оның нәтижелері бойынша -1 320,6 млн. теңге қосымша есептелген, 1284,3 млн. теңге өндірілген;
- 20 кедендік құжаттар мен мәліметтерді тексеру, оның нәтижелері бойынша – 103,9 млн. теңге қосымша есептелген, 104,4 млн. теңге өндірілді.
Қосымша есептелген КТжС сомаларын өндіріп алу тиімділігі 94,4% құрады.