Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҰҚҚ Шекара қызметімен бірлесе отырып, 2023 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасы «Майқапшағай» кеден бекетінде автоматтандырылған электрондық кезек жүйесін іске қосты.
Автоматтандырылған электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, кезекке тұру үшін Сізге:
- алдын-ала тіркеуден өту
- Android и iOS мобильді қосымшалары арқылы немесе cgr.qoldau.kz және cargoruqsat.kz сайтына кіру
-кезекке тұру батырмасын таңдау қажет
-тіркеу үшін терезе ашылады (телефон нөмері көрсетіледі)
-өткізу пункті таңдалады (уақыты немесе бос уақыт көрсетіледі), жануарлар тасымалы немесе тезбұзылатын жүктер кезексіз жөнелтіледі
Ары қарай автокөлік құралы туралы мәліметтер және жүргізушінің мағлұматы кестеге толтырылады
Электрондық кезек жүйесін құрудың басты мақсаты өткізу пунктіне автокөлік құралдарын кіргізу, жүктер тасымалын қадағалау ашық және сандық түрде жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттің көліктік-транзиттік және экспорттық потенциалды артады.