Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің
2023 жылғы 22 ақпандағы № 199
бұйрығына 1-қосымша
Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымша
|
«Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
сұрау келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық түрде (толық автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында үзінді көшірме немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлеу мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексі және Мерекелер туралы заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және деректер тізбесі |
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында сұрау |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді. «Электрондық үкімет» веб-порталда жаңылыс не техникалық ақаулар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет: 8-800-080-7777 немесе 1414. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы www.kgd.gov.kz «Салық төлеушінің кабинетінде» алуға мүмкіндігі бар. |