Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің
2023 жылғы 22 ақпандағы № 199
бұйрығына 1-қосымша
Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 22 - қосымша
|
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал); 4) «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы арқылы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) және құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды; салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару көрсетілетін қызметті алушы қате сомалар бойынша салықтық өтінішті және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі; салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі; салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі; сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару, қайтаруға өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі; мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару, қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу; қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына есепке жатқызу; салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдың артық төленген сомасын, сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын салық төлеушінің банк шотына қайтару; салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан салық төлеушінің банк шотына қайтару; сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару; мемлекеттік баждың артық төленген сомасын оны төлеу орны бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына қайтару; қатені растамау туралы жазбаша хабарлама-мемлекеттік кірістер органы аудару кезінде қателердің бар-жоғын растамаған жағдайда; көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін – салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалуы туралы хабарлама; ұсынылған салықтық өтініш негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысында осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру: 1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бап талаптарын сақтап, қағаз тасығышта ұсынылған; 2) ӘРПК 73-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, портал арқылы ұсынылған. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлеу мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген; 2) портал, «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексі және Мерекелер туралы заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұмаға дейін, үзіліссіз, сағат 09.00–ден 18.00–ға дейін қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00–ден 20.00–ға дейін қоса алғанда және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ға дейін, Еңбек кодексі және Мерекелер туралы заңға сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызметті көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, электрондық кезекті брондау мүмкіндігі бар. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және деректер тізбесі |
1) «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №16425 болып тіркелді) (бұдан әрі – Бұйрық) 15-қосымшаға сәйкес нысандағы салықтық өтініш; 2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімі немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімі; 3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат; 4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат; 5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты; 6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – заңды күшіне енген сот шешімі; 7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен іске асырылған интеграциялау арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік құпия сөз жіберу жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлау жолдау жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы құжат иесінің келісімімен цифрлық құжаттарды алады. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкер тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), өтінішті беру күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы мониторингтің ақпараттық жүйесі тағайындаған штрих-коды бар қолхат беріледі. Портал арқылы берген кезде: 1) салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы Бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды құжат нысанындағы салықтық өтініш; 2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімінің немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімінің электрондық көшірмесі; 3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжаттың электрондық көшірмесі; 4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжаттың электрондық көшірмесі; 5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті орган құжатының электрондық көшірмесі; 6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі; 7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі. Көрсетілген қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді . Портал арқылы жүгінген жагдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметі көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Салықтық өтініш көрсетілетін қызметті берушіге: 1) салықтардың, төлемдердің, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтару, есепке жатқызуды жүргізу үшін – салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептелген болса; 2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді қате төленген сомасы болса; 3) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін – қайтарылуға жататын айыппұл сомасы жеке шот бойынша есептелетін айыппұл сомасы болса ұсынылады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде бас тартуға: 1) есепке жатқызу: заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне; мемлекеттік баждың төленген сомасы; 2) есепке жатқызу және қайтару: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналар үшін: жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда; есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша мемлекеттік кірістер органына қайтару жағдайларын қоспағанда; артық төленген (өндіріп алынған) салық, жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем сомасы – осындай салықтар, төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі оны табыс ету күніне дейін ұзартылған жағдайда; Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген аукционды өткізу қағидаларын бұзуға байланысты аукцион жеңімпазын анықтауға әсер еткен осы аукционды жарамсыз деп тану жағдайын қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы; талап қою мерзімінің өтуі; салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының болмауы негіз болып табылады; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздердің бар болуы негіз болып табылады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпия сөзді қолданып авторландыру өту керек, одан кейін «Цифрлық құжат» тарауына өтіп қажетті құжатты таңдау керек. |