«АСТАНА - 1» АЖ - да электрондық декларациялау

ҚР ҚМ МКК-ге АСТАНА - 1 кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кедендік компоненттерін енгізу кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақытша шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік рәсімдер мен операцияларды қамтиды және ҚР ҚМ МКК салық деректер базасымен интеграцияланады, сондай-ақ ҚР басқа мемлекеттік органдарымен және ЕАЭО елдерімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Бірыңғай деректер жиынтығына қол жеткізу:

- кедендік рәсімдерді автоматтандыру;

- төлемдерді есептеу және жүргізу;

- тәуекелдерді басқару;

- кедендік бақылау;

- адам факторын азайту;

- қағаз құжат айналымын барынша азайту;

- мемлекеттік органдар мен ЕАЭО елдерінің дерекқорларымен бірігу.

Дата публикации
19 октября 2021