Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетпен ресми интернет – ресурс арқылы «Салық төлеуші ретінде тіркеу» салықтық өтінішін, атап айтқанда бейрезидент – заңды тұлғалардың беруіне мүмкіндік беретін функционал жүзеге асырылған www.kgd.gov.kz.
Салықтық өтініш беру үшін салық төлеушіге интернет – ресурста, сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/nonresident/register тіркелу және «Резидент еместі тіркеуге өтінімдер журналы» мәзірі тармағын таңдау қажет.
Мәзір тармағында өтініш берудің келесі себептеріне сілтемелер бар:
- Салық төлеуші ретінде тіркелу;
- Куәлікті бермей тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру;
- Куәлікті бере отырып, тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру.
Мазмұндалғанды ескере отырып мемлекеттік қызметті электронды түрде алуыңызды ұсынамыз.