Бүгінгі таңда көптеген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, шағын және орта бизнес ғана емес, ірі кәсіпорындар да қаржылық қиындықтарға тап болып отыр.
Ел Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, шектеу шараларын енгізуге байланысты қаржылық қиын жағдайда қалған кәсіпорындарға оңалту рәсімін қолдану бойынша көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдады.
Осыған орай, оңалту рәсімін қолданғысы келетін бизнес субъектілеріне консультациялық көмек көрсету бойынша жұмысты Мемлекеттік кірістер комитеті, ШҚО бойынша МКД қызметкерлері және оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшілері жүзеге асырады.
Оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176 - V Заңының (бұдан әрі-Заң) 5-1-бабына сәйкес борышкердің немесе кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа өтінішпен жүгінуі үшін борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі негіз болып табылады. Өтініш берілген күні бір немесе бірнеше мән-жайлар болса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады. Байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Заңына сәйкес, оңалту рәсімі бүгінгі күнде тек ғана кәсіпорындарға (ЖШС) емес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге де қолданылады.
Оңалту рәсімін қолданудың артықшылықтары Заңның 50-бабында көзделген, атап айтқанда сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап.
Оңалту рәсімін қолдану бойынша кеңес алу үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 26-68-63, 24-44-00.