Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен оны іске асыру мерзімдерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және     2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев



Дата публикации
09 марта 2021