«Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін,
сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.
Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 504, 511 және 518 баптарына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні, фамилиясы, қолы қойылған, қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің өтініш көшірмесіне белгі қою қабылдаудың растауы болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы Кеден кодексінің 504, 511 және
518 баптарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өңдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы Кеден кодексінің
415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының Кеден кодексінің 503 баптың 1-тармағы 1)-тармақшасында,
510 баптың 1-тармағы 1)-тармақшасында және 517 баптың 1-тармағы
1)-тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
Кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
уақытша сақтау орны ретінде пайдалануға арналған құрлыс жайлардың, үй-жайлардың (үй-жай бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында болуын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттардың;
мыналардың:
тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызмет көрсететін тұлғамен шарттың;
уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарының, сызбаларының;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда - тиісті есептеу құралының аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру актіне қоса тігіледі.
Үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру аяқталған соң
үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру актісінің бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастыратын адамның не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылданған күннен кейінгі
1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 504, 511 және 518 баптарында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап қағаз жеткізгіште беріледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.