«Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.
Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 28 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 676 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тапсырылған құжаттар және көлік құралы толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті тіркейді. Өтінішті тіркеу кезінде құжаттардың көшірмесін тұпнұсқамен салыстырады, көшірмеге ол туралы тиісті белгіні қояды. Тексеру жасап болғаннан кейін құжаттардың тұпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Өтінішті тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған автомобиль көлiк құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тексеріп қарауды жүргізеді және олардың техникалық талаптарға сәйкестігі жағдайында, Шешімнің талаптарына, жiберу туралы куәлiк береді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші жiберу туралы куәлiкке «Кіммен берілгендігі» туралы бағанды, 7 бағанды толтырады және жiберу туралы куәлiктің нөмірін көрсетеді.
Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк көрсетілген өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көлік құралын ұсынған кезде, беріледі.
Егер автомобиль көлiк құралы, тіркеме, жартылай тіркеме техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Шешімнің талаптарына, өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші жазбаша түрде көрсетілетін қызметті алушыға жiберу туралы куәлiктің берілмеуі туралы себебі көрсетіле отырып хабарландырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көсеткен жағдайда оны көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
Көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште беріледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.