«Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.
Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің
(бұдан әрі – Кеден кодексі) 166 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжататрды көрсетілетін қызметті беуршіге курьер қызметі арқылы жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы Кеден кодексінің 166 бабында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өңдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы Кеден кодексінің
415-бабына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын Кеден кодексінің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына Кеден кодексінің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша және (немесе) электрондық нысанда хабардар етеді.
Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 165 және 166 баптарында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап қағаз жеткізгіште беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушімен, Мемлекеттік корпорациямен уақытында қажет етілмеген құжаттарды сақтау шарттары:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтайды;
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
1-қосымша
|
«Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету каналдары |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге 2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 15 (он бес) минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетуде барынша рұқсат берілетін |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
хабарламамен өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім, не Қағиданың осы 1-қосымшасының Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды немесе қағазда. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымеп белгіленген ақыны алу әдістері |
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. |
|
7 |
Қызметті берушің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) сәйкес сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген; 2) Мемлекеттік корпорация – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады; 3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті 2) Мемлекеттік корпорацияның – www. gov4c.kz; www.egov.kz порталы интернет-ресурстарында орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға: осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына Кодекстің 165-бабының Ұсынылған құжаттардың көшірмелері |
|
9 |
Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері |
1) Қағиданың осы 1-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы; 2) 2) көрсетілетін қызмет алушының Мынадай талартарға сәйкес келмеуі: үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап алты айдан кем болмауға тиіс; орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға; аумақ Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс; техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуға; тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |
«Өз тауарларын сақтау
қоймалары иелерінің тізіліміне
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша
(Тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағиданың
1-қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы) Орындаушы: аты-жөні_____________
Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
20__жыл«___»________
«Өз тауарларын сақтау
қоймалары иелерінің тізіліміне
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
3-қосымша
нысан
_____________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________
(заңды мекен-жайы)
_____________________________________
(нақты мекен-жайы)
_____________________________________
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________ (электрондық мекен-жайы, телефоны)
_____________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Өз тауарларын сақтау қоймалары, үй-жайлар және ашық алаңдар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш
Сізден «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан
әрі – Кодекс) 166-бабының 2-тармағына сәйкес өз тауарларын сақтау қоймалары, үй-жайлар және ашық алаңдар иелерінің тізіліміне енгізуді сұраймыз.
Мынадай мәліметтерді көрсетеміз:
үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап кем дегенде 6 ай жалға беру мерзімінде болуы ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуы_______________________________________________________________
____________________________________________________________________;
аумақ Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуы ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс__________________________________________________
____________________________________________________________________.
«Өз тауарларын сақтау қоймалар, үй-жайлар және ашық алаңдар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету шеңберінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім _______________________________________
____________________________________________________________________.
Берген күні: ____________________
Заңды тұлға өкілінің
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)____________________________
Қолы ___________
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 14.07.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 20955 болып енгізілді