Транзиттік декларацияларды қабылдау

    • Транзиттік декларацияны ресімдеу мерзімі?

    Жауап: Транзиттік декларациялардағы мәліметтерді тексерумен және оны тіркеумен байланысты транзиттік операциялар («ҚР-ғы кедендік реттемелеу» ҚР Кодексінің 182 бап), Кодекстің 154 бабы 5 тармағымен қарастырылған мерзімде жүзеге асырылады, ал Кодекстің 193 бабына сәйкес транзиттік декларацияны шығарумен байланысты операциялар транзиттік декларацияны тіркеген уақыттан бастап төрт сағат ішінде аяқталуы тиіс.

     

    • Тауарларды енгізген кезде шекарада лицензия және басқа рұқсат құжаттарын ұсыну қажет пе?

    Жауап: Кодекстің 8 бабына сәйкес тауарлар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тасымалданған және (немесе) кедендік рәсімге орналастырылған кезде тыйым салулар мен шектеулер сақталады.

     

    • Қызмет алушы қызмет ұсынушыға арызданған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі қандай?

    Жауап: Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі №665 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарымен көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілгені туралы» бұйрығымен қарастырылған.

Дата публикации
03 марта 2021