1-тарау. Жалпы ережелер
1.Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
3.Пилоттық жобаның қатысушылары:
1)алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мәліметтерді талдау негізінде, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде анықталған жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған ҚҚС төлеушілер;
2)жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, салық төлеушілер жазылып берген ЭШФ сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын салық төлеушілер (контрагенттер);
3)мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
3-тарау. Пилоттық жобаның қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері
4.Салық төлеуші:
1)ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;
2)құпия (қызметтік) ақпараттар болып табылатын тәуекел басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жөнінде мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктемелер алуға құқылы;
5.Салық төлеуші:
1)Осы Ережемен анықталған тәртіппен жолдалынған хабарламаларды орындауға;
2)қаржылық-шарушалық операцияларды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша ұсынуға міндетті.
6.Мемлекеттік кірістер органдары:
1)салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;
2)пилоттық жобаны іске асыру барысында жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операциясын жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;
3)пилоттық жоба шеңберінде ЭШФ жазып беруге шектеу жүргізілген салық төлеушілер тізімі айына бір реттен жиі емес Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға құқылы.
7.Мемлекеттік кірістер органдары:
1)құпия (қызметтік) ақпараттарға жататын тәуекелелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, салықтық әкімшілендірудің өзгеше нысанын қолдану негіздері жөнінде түсініктемелер ұсынуға;
2)құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттары жөнінде түсініктемелер ұсынуға міндетті.
4-тарау. Хабарламаларды орындау тәртібі
8.Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындауға жатады.
9.Хабарламаларды
1)егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда, жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;
2)егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіспеген жағдайда-салық төлеуші қаржы-шаруа операцияларын нақтылайтын, құжаттардың көшірмесін қоса отырып түсінік ұсынған жағдайда салық төлеушінің орындағаны болып танылады.
5-тарау. Жобаның іске асыру тәртібі және мерзімдері
10.Комитет апта сайын осы Қағидалардың 4-тармағы 1) тармақшасынада айқындалған шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.
11.Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң бір жұмыс күні ішінде:
1)жазып берілген ЭШФ көрсете отырып (олар болған кезде), салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ жазып берілген күн 2019 жылғы бірінші қаңтардан ерте болуы мүмкін емес;
2)ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады;
3)ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушіге "Салық төлеушілердің кабинеті" веб-қосымшасында хабарлама жолдайды.
12.Мемлекеттік кірістер органы тұрақты негізде жіберілген хабарламаларды орындалуын бақылайды.
13.Мемлекеттік кірістер органы салық төлеушілер Хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, қайтарып алынған ЭШФ және берілген түсіндірулерге талдау жүргізеді.
14.Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
1)осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2)осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ АЖ-ға кіруге осындай шектеу болған кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы ЭШФ АЖ-ға хабарлама жолдайды.
15.Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органы осындай хабарлама орындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға кіруге шектеуді қолдануды жояды.
16.Хабарламаны орындағаннан кейін ЭШФ жазып беруге шектеуді алып тастаған жағдайда, Салық кодексінің 413-бабында көзделген ЭШФ жазып беру мерзімі осындай шектеу кезіңіне ұзартылады.
17.Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау, осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
18.Хабарламаны осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен орындаған жағдайда, салық төлеуші бойынша пилоттық жобаның шеңберінде берілген тәуекел дәрежесі алынып тасталады.