«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы (Салық әмияны)

Сіздердің назарларыңызға МКК «e-Salyq Azamat» порталының қосымшасы «Салық әмияны» қызметі арқылы салықтарды төлеуге болатынын жеткіземіз.

«Салық әмияны» қосымшасын жеке  тұлғалар  және жеке кәсіпкерлер пайдалана алады.

Пайдалану үшін қажет:

  1. МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасын App Store және Play Market қосымшалары арқылы жүктеу.
  2. Қосымшаға тіркелу үшін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану .
  3. «Салық әмияны» қосымшасы теңгерімін толтыру «Қазақстан халық банк» АҚ және Kaspi.kz қосымшасы арқылы келесі реквизиттер бойынша:

Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициардың банкі атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің БСК: KKMFKZ2A 

Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»

ТБК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»

                    

  «Салық әмияны» қосымшасының көмегі арқылы:

  • Салықтарды төлеуді жүргізеді;
  • Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру (250.00-нысан);
  • салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;
  • Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтейді;
  • Салық салу объектілері мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша деректерді қарайды және өзгеріс енгізеді;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді төлейді (БЖТ);
  • «Артық төлемді басқару» сервисі арқылы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға немесе бюджеттен қайтаруға өтініш береді.
Дата публикации
24 февраля 2021