Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы

Қолданушылардың назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

2017 жылғы 11 сəуірде Мəскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты.

1-бап
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

      Мүше мемлекеттер осы Шартқа № 1 қосымшадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін қабылдайды.

2-бап
Шарттың күшіне енуі

      Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Осы Шарттың күшіне енуіне байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттардың қолданысы (уақытша қолданылуы) тоқтатылады және осы Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар ережелерінің күші жойылды деп танылады.

3-бап
Шартқа өзгерістер енгізу

      Осы Шартқа мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4-бап
Ескертпелер

      Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.

5-бап
Дауларды шешу

      Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

6-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіреді.

      Осы Шарт 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге халықаралық шарттардан басым күшке ие.

      2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.

      Осы Шарттың төлнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Армения
Республикасы
атынан

Беларусь
Республикасы
атынан

Қазақстан
Республикасы
атынан

Қырғыз
Республикасы
атынан

Ресей
Федерациясы
атынан

Дата публикации
04 февраля 2021