Көлік құралдарына салық төлеу бойынша жеке тұлғалардың жиі қойылатын сұрақтары

1.2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі қандай?

Жеке тұлғалар 2020 жылға көлік салығын бюджетке 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей төлейді.

2.Көлік салығын қайда төлеу керек?

Жеке тұлғалардың салық төлеуі жеке тұлғаның тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі.

3.Тұрғылықты жерді ауыстырған жағдайда салықты қайда төлеуге болады?

Егер салық төлеуші Шығыс Қазақстан облысына көшіп, ал автокөлік басқа өңірде тіркелген болса, салықты қайда төлеуге болады?

Салықты төлеу жаңа тұрғылықты жері бойынша жүргізілуі керек. Деректемелерді тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

4.Жеке тұлғалардан көлік салығын қалай және қайда есептеуге болады?

Көлік құралдарына салынатын салық сомасын есептеуді салық төлеушілер http://www.kgd.gov.kz порталын пайдалана отырып, келесі қосымша парақшаларға өту арқылы дербес жүргізе алады: "Электрондық қызметтер"-"Калькулятор"-"Көлік салығын есептеу", сондай-ақ, "Е-Salyq-Azamat" қосымшасы арқылы "Көлік салығын есептеу" калькуляторын пайдалана отырып, көлік салығын есептеу мүмкіндігі бар (смартфонға жүктеу қажет).

Автоесептің жұмысы үшін тиісті жолдарды толтырыңыз.

5.Жеке тұлғалардан жергілікті салықтар бойынша берешекті қалай тексеруге болады?

Салық берешегінің, оның ішінде көлік құралдары салығы бойынша берешегінің бар-жоғын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz  сайтының,  "Электрондық сервистер" -"Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" бөлімінде ЖСН енгізу жолымен, сондай-ақ "Электрондық үкімет" порталында немесе Е - Salyk Azamat қосымшасында "Электрондық сервистер"-"Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы сервис" бөлімінде ЖСН енгізу немесе тұрғылықты жері бойынша МКБ арқылы тексеруге болады.

6.Салық салу объектісі болмаған кезде салықты есептеу себебін қалай білуге болады?

Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін түзету мүмкіндігі Е-Salyk Azamat қосымшасындағы "Салық әмияны" сервисінің "Салық салу объектілері" бөлімінде қолданылады.

Мұнда сіздің атыңызға тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) бойынша деректерді қарауға болады.

Салық салу объектілері бойынша қате деректермен проблемаларды шешу үшін: "Менің көлік құралдарым бойынша қате мәліметтер туралы хабарлау", "Менің (сенімді) жылжымайтын мүлік объектілерім бойынша қате мәліметтер туралы хабарлау", "Менің жер учаскелерім бойынша қате мәліметтер туралы хабарлау" деректерді түзету сервисі іске асырылды.

7.Автокөлік иелеріне салық төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылады ма?

Салық кодексінің 490-бабының 2-тармағында көлік құралдарына салық төлеу кезінде жеңілдіктер көзделген.                                    

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Дата публикации
20 января 2021