"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті" РММ
және Қазақстан-Американдық еркін университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті арасындағы
Стратегиялық әріптестік туралы
МЕМОРАНДУМ
Бірінші тарап "ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі атынан департамент басшысы С.С. Бимағамбетов және екінші тарап Қазақ-Американдық еркін университеті атынан университет ректоры А.Е. Мамбетказиев, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті атынан басқарма төрағасының м. а. - университет ректоры Ж.К. Шаймарданов, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті атынан басқарма төрағасының м.а. - университет ректоры М.А. Төлеген, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын ынтымақтастықтың мынадай негізгі қағидаттары туралы уағдаласты: