2026 жылғы 8 айдағы өзге экономика бойынша Республикалық бюджетке салық төлемдерінің түсуі

"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.

Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылдың 8 айында салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере алмағанда, республикалық бюджетке 124,7 млрд.теңге түсті.

Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 52,5% - ды құрайды.

БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:

- БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 57,1%;

- БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 18,3%;

- БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 15,4%;

- БСК 105306 «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерден басқа»  түсімдер үлесі 15,4%.

Дата публикации
29 сентября 2026