Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі №326 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 02 қыркүйекте № 39803 болып тіркелгенін хабарлайды.
Аталған бұйрыққа сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 080810 тауар позициясына жатқызылатын алманың барлық түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен әкелуге тыйым салу енгізілді, мынадай жағдайларды қоспағанда:
1) алмаларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау, оның ішінде тауарлардың межелі жері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау;
2) осы бұйрық күшіне енген күнге дейін жөнелтуші мемлекетте экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған алма, мынадай шарттар сақталған жағдайда:
тауарларға экспорттық декларацияны, сондай-ақ көрсетілген тауарларды осы бұйрық күшіне енген күнге дейін жөнелтілгенін растайтын көліктік құжаттарды ұсыну, ал тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен тасымалдау кезінде — транзиттік декларацияны ұсыну;
3) осы бұйрық күшіне енген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелінген алма, оның ішінде уақытша сақтау орындарында тұрған алма, көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына нақты әкелінгенін растайтын құжаттарды ұсыну шартымен