2026 жылғы 1 шілдеде Мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға 2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы салық төлемдерінің түсуі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС;  «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.  

2026 жылдың 6 айында салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 114,3 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 16,3 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 98,0 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 25,8 млрд.теңге түсті.

Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 40,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,8% - ды; республикалық бюджет бойынша 56,4% - ды құрайды.

Республикалық мониторинг кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны 2026 жылдың 6 айында 2025 жылдың ұқсас кезеңіне мемлекеттік бюджет бойынша 198,0% немесе 56,6 млрд.теңге сомамында өсімді құрады; республикалық бюджет бойынша 256,9% немесе 59,9 млрд.теңгеге өсімді құрады.

Дата публикации
31 июля 2026