«Мемлекеттік қызметкердің әдебі мен өзін өзі ұстауы туралы»

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі  мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет.

Мемлекеттік  қызметшілер мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құныдылқтарын насихаттауы қажет.

Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекетік қызметке деген  жоғар сенімнің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет.

Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз.Біз мемлекетік қызметшінің беделін бағалаймыз, әдеп қағидаттарын сақтаймыз және мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі кәсіби көрсетеміз.

 

                ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің бас маманы Адильжанова Ж.

Дата публикации
28 февраля 2020