Сыбайлас жемқорылққа қарсы мәдениет туралы

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлык мәселесі жаппай сипатқа ие болып, қоғамдық өмірдің бүкіл саласында орын алуда. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік кесел ретінде қалыптасқандықтан, онымен күресу және бұл кеселді жою қажет. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алуда.  Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық жеке мақсат үшін қызметтік өкілеттікті пайдалану болып табылады. Пара алу не беру - сыбайлас жемқорлықтың бір белгісі.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында «сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ», деп айтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың түйінді бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру айқындалған.

Дата публикации
07 февраля 2020