«Электронды түрде шот-фактураларды жазып беру міндеттілігі және тәртібі»

Салық кодексінің 412-бабының ережелеріне сәйкес 2019 жылдан бастап,  электронды нысанда шот-фактураларды (ЭШФ) салық төлеушілердің келесі санаттары жазып беруге міндетті:

-ҚҚС төлеушілері;

-Алып қою тізбесіне енгізілген, тауарларды өткізуді іске асыратындар (халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған нормативті актілер бойынша);

         -осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер;

-осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедиторлар;

-импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.            Сонымен бірге, сатып алушыға БКМ чегін ұсына отырып, қолма-қол есеп айырысумен импортталған тауарларды бөлшектеп өткізген жағдайда немесе төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану кезінде,  Алып қою тізбесіндегі тауарлардан басқа, ЭШФ жазып беру қажет емес.                                         Салық төлеушілердің аталған санаттарының шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды ескеру қажет.

  • салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайда. Аталған ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

-электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда.  Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.

Электронды түрде шот-фактураларды жазып беру салық төлеушіге келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

-ЭШФ жазып беруді  шетел валютасында жазғызу мүмкіндігі;

-шот – фактураны жазып беру бойынша құқықты  өз жұмысшыларына табыстау мүмкіндігі;

-ҚҚС бойынша салықтық есептілікті ұсыну кезінде тізілімді табыстамау мүмкіндігі;

         -тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, «Қазынашылық-клиент» АЖ-не ЭШФ АЖ-де төлем шоттарын автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының айқындылығын қамтамасыз етеді;

         -қателіктерді жою мүмкіндігі, себебі  ЭШФ АЖ форматты-логикалық бақылау тексеруін жүргізеді;

         -шығындар және жазып беру уақыттарын төмендету (қағаз, принтер, қаптама, пошта маркілері, жеткізу, оператордың еңбек шығындары және т.б.).

         ЭШФ жазып беру электронды шот-фактуралар (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, ол үшін ЭШФ АЖ тіркелуі және ЭШФ АЖ қатысушысы болуы қажет.

         Жүйеде жұмыс істеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) алуға болатын,  Ұлттық куәландыру орталығының (ҰКО) кілті қолданылады.

         ЭШФ жазып беру, қызметті көрсету айынан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша қызметтерден басқа, осындай күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей және қызметтерді орындау, тауарларды жөнелту күнінен кейін жазып беріледі.

         ЭШФ жазып беру, қолданысқа 29.03.2018 жылдан бастап енгізілген ҚР ҚМ 23.02.2018 жылғы №270 бұйрығымен бекітілген, ЭШФ құжат айналымының Қағидасына сәйкес ЭШФ АЖ жүргізіледі.

         ЭШФ заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі), дара кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын немесе уәкілетті тұлғаның электронды сандық қолтаңбасымен (ЭСҚ) куәландырылады.

         ЭШФ АЖ жазып алынған және тіркелген, соның ішінде қайтарып алынған,  жойылған және қабылданбаған ЭШФ, мемлекеттік органның ЭШФ АЖ «Ақпараттандыру туралы» ҚР 24.11.2015 жылғы Заңымен бекітілген, мерзім ішінде сақталады.

         Салық төлеуші ЭШФ АЖ жұмыс бойынша барлық нормативті-анықтамалық ақпаратты ҚР ҚМ МКК ресми сайтынан (kgd.gov.kz) ала алады.

        

 

 

ЖСӘБ бас маманы                                                                     Т.Гутова

Дата публикации
15 декабря 2020