Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы 5 айдағы салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 96,3 млрд.теңгені құрады. Жоспар 86,4 млрд.теңгені құрап 9,8 млрд.теңге сомасында асыра орындалып 111,4% құрады.
Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.
Аудандық бюджет бойынша 5 ай ішінде түсу фактісі 71,2 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 21,5 млрд.теңге; 96,3 млрд.теңге сомасында.
Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 28,4 % немесе 24,5 млрд.теңгені құрайды;
- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 31,0% немесе 26,8 млрд.теңгені құрайды;
Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 26,6% немесе 23,0 млрд.теңгені құрайды.