2026 жылы мамыр айында мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ке салық төлемдерінің түсуі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС;  «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.  

2026 жылғы мамырда салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 29,2 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 3,6 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 25,6 млрд.теңге.

Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 45,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 5,6% - ды; республикалық бюджет бойынша 39,7% - ды құрайды.

Мониторинг кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы 5 айдағы түсімдер статистикасы:

Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке 121,5 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 13,8 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 107,7 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті. Облыс бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы түсімінде келтірілген кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 44,9% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,3% - ды; республикалық бюджет бойынша 61,8% - ды құрайды.

Дата публикации
30 июня 2026