
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу негіздерінің бірі ел азаматтары мен мемлекеттік аппарат арасындағы диалогтың заманауи түрін қамтамасыз ету үшін тұрғындардың декларация тапсыру механизмін енгізу болып табылады.
Мемлекет декларацияларды алынған кірістер және әлеуметтік шығыстар бойынша қолданылатын салық шегерімдері туралы ақпарат көзі ретінде пайдалана отырып:
- осы мәліметтерді талдайды;
- ел халқының қазіргі жағдайының егжей-тегжейлі көрінісін көреді;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын айқындайды;
- мемлекеттік қолдау саясатын салмақтап құрады және түзетеді.
Сұрақ: ҚР-да сатып алынған автокөлікті 270.00 декларациясында кімге көрсету керек?
Жауап: 270.00 декларациясында ҚР аумағында және аумағынан тыс мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтерді көрсету міндетті тек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарға, атап айтқанда мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, лауазымды адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға, сондай ақ олардың жұбайларына ғана жүктелген.