GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР НАЗАРЫНА!

     Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәслихат депутаттығына кандидаттар мен олардың жұбайларының (зайыптарының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан)
ұсыну тәртібін түсіндіреді.
    Маңызды ақпарат:
Декларация кандидат ретінде тіркелгенге дейін, 2026 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша ұсынылуы тиіс.
Декларацияны электрондық түрде «Салық төлеушінің
кабинеті арқылы ЭЦҚ-ны пайдаланып немесе кағаз түрінде тұрғылықты (болған) жері бойынша мемлекеттік кірістер органынк тапсыруға болады.
     Назар аударыныз! Декларацияны тапсыру кезінде
Kaspi, Halyk мобильді қосымшаларын жане e-Salyq Azamat сервисін пайдаланбау ұсынылады.
     Декларацияны тапсырмас бұрын барлық, мәліметтерді мұқият тексеріңіз!
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлау талаптары
бойынша ұсынылған декларацияға қосымша салықтық
есептілік тапсыруға жол берілмейді. Осыған байланысты декларация тапсырылғаннан кейін оған қосымша декларация арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу мумкін емес.
    Осы ретте кандидаттар мен олардың, жұбайларына
(зайыптарына) декларацияда көрсетілетін маліметтердің
толықтығы мен дурыстығына ерекше назар аударып, оны
заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес уақтылы ұсыну қажет.
#законипорядок
#заңментәртіп

23 октября 2026
ТІРКЕЛГЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ БАР-ЖОҒЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

     Жеке тұлғаның жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелгенін немесе тіркелмегенін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы онлайн тексеруге болады.

    ЖК тіркелуін қалай тексеруге болады?

portal.kgd.gov.kz порталына кіріңіз.

 «Сервистер» бөлімін ашыңыз.

 «Салық төлеушіні іздеу» сервисін таңдаңыз.

 Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіңіз.

  ЖК ретінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы ақпаратпен танысыңыз.

     Онлайн тексерудің артықшылықтары:

 Ақпаратты тегін алу.

Мәліметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі.

Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

     Егер ЖК ретінде тіркелгенін растайтын құжат қажет болса, тиісті хабарламаны elicense.kz порталының жеке кабинеті арқылы алуға болады.

     Электрондық сервистерді пайдаланып, қажетті ақпаратты мемлекеттік органдарға бармай-ақ алыңыз!
#законипорядок
#заңментәртіп

22 октября 2026
Шаруа (фермер) қожалығының құрамы туралы анықтама

     Шаруа (фермер) қожалығын жүргізіп, оның құрамын растайтын құжат қажет пе? Онда шаруа (фермер) қожалығының құрамы туралы анықтаманы ала аласыз.
     Анықтама қандай жағдайда қажет болуы мүмкін?
Анықтама субсидиялар рәсімдеу, несие алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының құрамын растау қажет болатын өзге де жағдайларда ұсынылады.
    Анықтаманы қалай алуға болады?
Анықтаманы алу үшін шаруа (фермер) қожалығы тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.
    Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шаруа (фермер) қожалығының құрамы туралы анықтама беру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қосымша ақпарат алу үшін шаруа (фермер) қожалығы тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер органына хабарласуға болады.
#законипорядок
#заңментәртіп

21 октября 2026
2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚТАР БОЙЫНША ӨСІМПҰЛ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

    Салық төлеушілер нені білуі керек?

Салық кодексіне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда өсімпұл есептеледі.

    Өсімпұл қашан есептеледі?

Салық төлеудің белгіленген мерзімінен кейінгі күннен бастап.

 Берешек нақты өтелген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін.

 Төленбеген салық немесе бюджетке төленетін төлем сомасына.

   2026 ЖЫЛЫ ӨСІМПҰЛ ҚАНДАЙ ПАЙЫЗБЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ?

2026 жылғы 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылдық 16,25%-ды құрайды.

    Салық кодексінде белгіленген коэффициенттерді ескере отырып:

   Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін:

Базалық мөлшерлеменің 1,25 еселенген мөлшері — жылдық 20,3125%, яғни мерзімі өткен әрбір күн үшін шамамен 0,05565%.

   Көлденең мониторингке қатысушылар үшін:

Базалық мөлшерлеменің 0,65 еселенген мөлшері — жылдық 10,5625%, яғни мерзімі өткен әрбір күн үшін шамамен 0,02894%.

 Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі өзгерген жағдайда есептелетін өсімпұл мөлшері де өзгереді.

   ӨСІМПҰЛ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ?

Салық кодексінде өсімпұл есептелмейтін жекелеген жағдайлар көзделген.

   МАҢЫЗДЫ!

Өсімпұл салық берешегі толық өтелгенге дейін күн сайын есептеледі. Салықты төлеу мерзімі неғұрлым ұзақ кешіктірілсе, өсімпұл сомасы соғұрлым артады.

   ӨСІМПҰЛДЫҢ ЕСЕПТЕЛУІНЕ ҚАЛАЙ ЖОЛ БЕРМЕУГЕ БОЛАДЫ?

Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді уақытылы төлеп, салық берешегінің бар-жоғын тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.

  Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 5-бабы 2) тармақшасы және 85-бабы.
#законипорядок
#заңментәртіп

21 октября 2026
Кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен салалық кеңестің отырысы өтті

     Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен салалық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы бөлімінің басшысы Сырым Серікұлы Бижаксин қатысты.
    Отырыс барысында ол бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану, фискалдық чектерді міндетті түрде беру жағдайлары мен чек беру талап етілмейтін жағдайлар, сондай-ақ электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру тәртібі бойынша түсіндірме берді.                                                       

     Кәсіпкерлік қызмет барысында салық заңнамасын қолдануға қатысты практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.
     Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
     Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

#законипорядок
#заңментәртіп

20 октября 2026
2026 ЖЫЛЫ ҚАТЕЛЕСІП НЕМЕСЕ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН САЛЫҚ СОМАЛАРЫН ҚАЙТАРУ

     Салық төлеушілердің бюджетке қателесіп немесе артық төленген салықтар мен төлемдер сомаларын қайтарып алуға құқығы бар.

1. Артық төленген сома дегеніміз не?

    Бұл – белгіленген салық міндеттемесінен артық бюджетке төленген ақша сомасы.

Мысалы, 30 000 теңге салық төлеу қажет болғанымен, 50 000 теңге төленген. Артық төлем сомасы 20 000 теңгені құрайды.

 2. Қателесіп төленген сома дегеніміз не?

    Бұл – төлем жасау кезінде жіберілген қателіктер салдарынан аударылған ақша қаражаты.

   Мысалы:

 Бюджеттік сыныптама коды (БСК) қате көрсетілген;

 Мемлекеттік кірістер органы қате таңдалған;

 Төлем қайталап жүргізілген;

 Төлем деректемелерінде қате жіберілген.

 3. Ақша қаражатын қалай қайтаруға болады?

     Ақша қаражатын қайтару үшін салық төлеуші Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтінішті ұсынуы қажет.

 4. Қайтару мерзімі

   Стандартты рәсім бойынша қайтару мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Жекелеген жағдайларда ерекшеліктер көзделуі мүмкін.

5. Нені білу маңызды?

    Салық берешегі болған жағдайда артық төленген сома заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті міндеттемелерді өтеуге бағытталуы мүмкін.

    Нормативтік негіз:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Салық кодексі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығы.

#законипорядок
#заңментәртіп

20 октября 2026
Тағайындау

     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 9 қазандағы №70-Ж бұйрығымен Серік Қадырұлы Кушенов 2026 жылғы 12 қазаннан бастап арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
    Серік Қадырұлы Кушенов 1978 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген.
    2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану», 2025 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
    Еңбек жолын 1998 жылы Шымкент қаласында сәулет жобалаушысы қызметінен бастаған. Әр жылдары Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінде, қала әкімі аппаратында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
    Кейінгі жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, құқық қорғау органдарында, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдарда еңбек еткен.
    2026 жылы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымында, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында қызмет атқарған.
    Жаңа қызметіне кіріскенге дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Ішкі әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарған.

#законипорядок
#заңментәртіп

20 октября 2026
ҚАРАЖАЛДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

     2026 жылғы 13 қазанда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмас Шаймерденов Қаражал қаласына жұмыс сапары аясында Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
    Кездесудің негізгі тақырыбы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналды.
    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық, адалдық және ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Алмас Шаймерденов әрбір мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтаудағы жеке жауапкершілігін және азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
   Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
#законипорядок
#заңментәртіп

20 октября 2026
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

      2026 жылғы 15 қазанда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қаныш Назарымбетов Департамент қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
     Кездесу барысында «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері талқыланды.
     Өтініштерді қарау кезінде жіберілген қателіктер мен кемшіліктерге, сондай-ақ алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды. Белгіленген мерзімдерді сақтау, ұсынылатын жауаптардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.
     Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды.
      Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге өтініштермен жұмыс істеу сапасын арттыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
#законипорядок
#заңментәртіп

20 октября 2026
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

     Көлік құралдарын кедендік ресімдеу тәртібі оларды әкелу мақсатына байланысты: жеке пайдалану немесе коммерциялық қызмет үшін.
     Жеке пайдалану үшін
- Кәсіпкерлік қызметке арналмаған көлік құралдары ЕАЭО Кеден кодексінің 37-тарауына, оның ішінде 256-бабына сәйкес ресімделеді.
- Декларациялау жолаушылар кедендік декларациясын (ЖКД) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
- Көлік құралдарының тізбесі ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен белгіленген.
- Кедендік баждар мен салықтардың мөлшерлемелері ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен айқындалған.
     Коммерциялық мақсаттар үшін
- Кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде кейіннен сатуға арналған көлік құралдары жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
- Кедендік ресімдеу тауарларға арналған декларацияны (ТД) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
- Заңды тұлғалар көлік құралдарын коммерциялық мақсатта әкелуге құқылы. Негізгі өлшем – импорттаушының мәртебесі ғана емес, көлік құралын әкелудің нақты мақсаты.
    2026 жылғы өзгерістер
- ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 808 қаулысы – № 763 қаулыға өзгерістер енгізілді. Жеке тұлғалар көлік құралын еркін айналымға шығарғанға дейін кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алуға міндетті.
- 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 474 бұйрық – электрондық көлік құралы паспортын (ЭКҚП) ресімдеуге, оның ішінде жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін, шығарылғанына бес жылдан аспаған көлік құралдарына қатысты қосымша талаптар белгіленді.
- 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрық – жекелеген көлік құралдарының сәйкестігін бағалау және көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті (СБКТС) ресімдеу талаптары нақтыланды.
    Кедендік баждар мен салықтардың жаңа мөлшерлемелері енгізілген жоқ және қолданыстағы мөлшерлемелер көтерілген жоқ.
    Өзгерістер көлік құралдарын әкелу мақсатына қарай кедендік ресімдеу тәртібін ажыратуға қатысты:
- Жеке пайдалану – ЖКД.
- Коммерциялық қызмет – ТД.
   Уәкілетті органдардың құзыреті
ЭКҚП ресімдеу, СБКТС алу, кәдеге жарату төлемін және көлік құралын бастапқы мемлекеттік тіркеу алымын төлеу мәселелері тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады

#законипорядок
#заңментәртіп

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы