Меню

Страницы

Статья

Әкімшілік рақымшылық – 2026

        2026 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардың жекелеген санаттары әкімшілік айыппұл төлеуден босатылады.
        Рақымшылық кімдерге қолданылады?
        Әкімшілік айыппұлдан босату:
• Қазақстан Республикасының азаматтарына;
• жеке кәсіпкерлерге;
• жекеше нотариустарға;
• жеке сот орындаушыларына;
• адвокаттарға;
• заң консультанттарына қолданылады.
         Рақымшылықты қолданудың негізгі шарттары:
✔️ айыппұлды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы салған болуы тиіс (сот емес);
✔️ Заң күшіне енген күнге дейін айыппұл толық орындалмаған немесе ішінара ғана орындалған болуы тиіс;
✔️ әкімшілік құқық бұзушылық Заңның қолданылу аясына жатуы тиіс.
        Рақымшылық қолданылмайды:
• заңды тұлғаларға;
• лауазымды тұлғаларға;
• шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға;
• сот тағайындаған әкімшілік жазаларға;
• Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:
– 275-бабында көзделген салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге тиіс өзге де мүлікті жасыруға;
– 277-бабында көзделген есептелген (есепке жазылған) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға;
– 278-бабында көзделген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын кемітіп көрсетуге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға.
         Әкімшілік айыппұлдардан босату автоматты түрде жүзеге асырылады. Рақымшылықты қолдану үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.
Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Салықтық әкімшілендіру
14 сентября 2026
Кедендік әкімшілендіру
14 сентября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы