Меню

Страницы

Статья

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған студенттер бойынша МӘМС-тің қате есептелуі

         Сіздің жағдайыңыз:
         Мен студентпін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін (АСР) қолданамын. Менде МӘМС бойынша берешек шығып тұр, бірақ оны төлей алмаймын, өйткені төленген МӘМС сомасы кері қайтарылады.Осындай жағдайда не істеуім керек?
         Қалай түзетуге болады?
1. Оқу орнынан оқу кезеңі көрсетілген, студент екеніңізді (болғаныңызды) растайтын анықтама алыңыз.
2. «E-Salyq Business» мобильді қосымшасының профилінде «студент» жеңілдік санатын және кезеңін көрсетіңіз:
1. Профиль – «Салықты және әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған мәліметтер» бөлімі – «Санат» бөлімшесі.
2. «Күндізгі оқу нысаны...» санатын таңдап, міндетті түрде «...бастап» және «...дейін» кезеңдерін көрсетіңіз.
         Одан әрі салық төлеуші (support_portal@kgd.minfin.gov.kz) қолдау қызметіне дербе хат жазып, оқу орнынан алынған анықтаманы қоса тіркейді:
         «Мен,ТАӘ________ студентпін, ЖСН ____, оқу орнынан берілген анықтаманы қоса тіркеп отырмын. Осыған байланысты ұсынылған «студент» жеңілдік санаты ескеріліп, ____ кезең үшін есептелген әлеуметтік төлемдер сомасына қайта есептеу жүргізу қажет.»
Қолдау қызметінің жауабы, өтінішіңізді тіркейді.
Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Салықтық әкімшілендіру
14 сентября 2026
Кедендік әкімшілендіру
14 сентября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы