Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

     12 маусым 2025 жыл                                                            Жезқазған қаласы

 

І. Кіріспе бөлімі

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәні: ішкі талдау жүргізу. Ішкі талдау жүргізу Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысының м.а. 13.03.2025 жылғы №81 және 12.05.2025 жылғы №147-Ө бұйрығымен жүзеге асырылды.
  2. Ішкі талдау объектісінің атауы: Департаменттің құрылымдық басқармалары.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілген кезеңі: 01.03.2025 - 30.04.2025 жыл.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдауды қамтитын кезең: 01.04.2024-31.03.2025 жыл аралығы.
  5. Талдау анықтамасының құрылымына негіздеме жасаушылар құрамы.

Жұмыс тобының жетекшісі: Департамент басшысының орынбасары– К. Назарымбетов, жұмыс тобының мүшелері: Камералдық мониторинг басқармасының басшысы – М.Серикбаев, Адам ресурстары басқармасының басшысы – Ж. Жуманбаев, Аудит басқармасының басшысы Ж. Әшір, Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы – Г. Калиякасов, КРО «Ұлытау» кеден бекетінің басшысы – А.Саукымов, Ұйымдастыру-қаржы басқармасы басшысы – А.Альсеитов, Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы – Айдарбекова Қ.Ө., Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы – Ж. Онгаркулова, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы – М.Сатыбалдин, Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы м.а. Ф. Садуакасова, Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы м.а. Г. Карабекова.

ІІ. СИПАТТАУ БӨЛІМІ:

  1. Персоналды басқару

Ішкі талдау жүргізу кезеңінде персоналды басқару саласы бойынша Департаменттің қызмет аясында сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелдері (бұдан әрі-СЖІТ) бос әкімшілік лауазымдарға конкурстарды өткізу бағыты бойынша жүргізілді. Бүгінгі Департаменттің штат саны – 100, оның ішінде нақты  штат Департамент басшысы, 2 орынбасары, 7 бөлім басшысы, 14 басқарма басшысы, ал қалған 53-і мамандар құрамы. Ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген мерзім аралығында орталама 68 маман лауазымдық міндеттерін атқарды, яғни кадр жетіспеушілігі  СЖІТ талдауын анықтауда кері әсерін тигізді. Осы аралықта, өз еркімен басқа мекемеге қызметтерін ауыстыруына  байланысты 9 қызметкер жұмыстан босатылды, 9 қызметкер әлеуметтік еңбек демалысына шыққан. Бос лауазымдарды толтыру мақсатында ішкі конкурс және   жалпы конкурс жарияланған.

Осы конкурстарды өткізу бағыты бойынша болуы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы: Жұмысқа қабылдау рәсімдерін ұйымдастыру, ізденушілерге және конкурстық мәселелерге қойылатын талаптарды жасау (сұрақтар ұсыну мен жауабын беру, эссе тақырыптарын ұсыну).

      Басқарма өз құзіреті шегінде кадр жасақтау мақсатында Департаменттің әкімшілік бос лауазымдарына ішкі және жалпы конкурстарды жариялайды.               Аталмыш конкурстар жарияланғаннан кейін, әңгімелесуге өткен кандидаттар арасында бос лауазымға орналасу үшін конкурстық бәсеке орын алады. Дәл осы тұрғыда, белгілі бір кандидаттарға бос лауазымның жеңімпазы аталуы үшін конкурстың сұрақтарын ізденушілер арқылы беру ықтималы орын алуы мүмкін, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелі ортаға шығады. Конкурстық талаптарды түзетудің және белгілі бір ізденушілерге конкурстық сұрақтар ұсынудың "мүмкіндігі" сыбайлас жемқорлық факторы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою бойынша ұсынымдар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 26-тармағына сәйкес, конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті "Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады. Конкурстық сұрақтар тізімін және эссе тақырыптарын конкурстық комиссия мүшелерінің жария етуі, не басқа ізденушілерге артықтық көрсетуі бұзушылық болып табылып, тәртіптік теріс қылыққа жатады. Комиссия мүшелері осы тәртіптік теріс қылық жасауға жол бермей, заң бұзушылыққа жол бермеулері, жауапкершілікті қатаң қадағалаулары қажет.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

 Департаменттің ішкі талдау жүргізу кезеңінде мүдделер қақтығысын реттеу саласы бойынша, яғни өзінің лауазымдық міндеттерін орындамауына

 

 

немесе тиісінше орындамауына әкеліп соқтыратын мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

      Ішкі талдау жүргізу кезеңінде рұқсат беру функцияларын іске асыру саласы бойынша Департаменттің қызмет аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу

     Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу аясындағы талдау жасау барысында сыбайлас жемқорлық ішкі талдау тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

    Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуда СЖІТ болған жоқ, алайда болу ықтималы бар екені анықталды. Талдау мемлекеттік сатып алу бағыты бойынша жасалған.   

5.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаты:

      Жарнама бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысына сәйкес, алушы мен өнім беруші арасында тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады. Өнім беруші осы Шартқа сай, қызмет көрсетуге міндеттеледі.

      Шарт талаптарына сәйкес, қызметті көрсетудің жоспарланған мерзімі аяқталғанда, шарттық міндеттемелерге сәйкес, алушы көрсетілген қызмет үшін төлем төлеуі тиіс. Көрсетілген мерзімде төлем жасалар уақытта қазынашылық шотында қаражат болмай қалады және шарт талаптарының уақытылы орындалмауына соқтырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуына жол ашады. Немесе өнім беруші прокуратураға шағым түсіріп, заңдылықты бұзушылық туралы ұсыныс түседі.  

5.2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою бойынша ұсынымдар:

     Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 17-бабының 6 тармағына сәйкес, келісім шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс. Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» 42-қосымшaсы 2 тармағы 2.3.тармақшасына сәйкес, қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.

     Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының төлемдері бойынша автоматтандыру, интеграциялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырына кірмейді. Осыған байланысты, шарт жасарда төлем уақыттарын нақтылап, алдын алу шараларын алу қажет және шартқа сәйкес міндеттемелердің уақытылы орындалуын қадағалау қажет.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағытында да СЖІТ болу ықтималы анықталған жоқ. Барлық қызметкерлерге лауазымдық міндеттеріне сай, ақпараттық жүйелерді қолдануда құқықтары берілген. Тұрақты түрде ақпараттық жүйелерді қолданудағы құқықтары бақыланады.
  2. Бақылау функцияларын іске асыру. Бұл бағыт бойынша  «Ұлытау-КРО» кеден бекетінде талдау жасалды.

7.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

   «Ұлытау-КРО» кеден бекетінің қызметіндегі кедендік жете тексеру және импортталатын және экспортталатын тауарларға тауар декларацияларын рәсімдеу бағыты. Талдау бағыты:

1) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     Талдау үшін дереккөз ретінде басқарманың ішкі нормативтік құжаттары (бұйрықтар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар және т.б.) пайдаланылған.

Кеден бекетінің қызметкерлері кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады. Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген. Кодекстің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады. Талдау уақыты көрсетілген мерзімде кедендік тексеру, кедендік жете тексеру фактілері болған жоқ.

    Сонымен қатар, кеден бекетінде «Астана-1» ақпараттық бағдарламасы арқылы импортталатын және экспортталатын тауарларға тауар декларациялары ресімделеді. Бұл жерде де тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады. Бұл, өз кезегінде сыртқы экономикалық қатысушылардың қызметке қатысушылармен тікелей қарым қатынасы жоқтығын растайды. Кедендік рәсімдеу барысында қажетті құжаттар электронды түрде сұратылады және беріледі.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы (СУР) қызыл дәліз – 0 ТД, сары дәліз – 54 ТД, көк дәліз - 0 ТД, жасыл дәліз - 65 ТД өтті.

         Экспортталған және импортталған тауарлардың жалпы салмағы 3 321,9238 тонна (3 231 923,824 кг), құны 4 565,02 мың АҚШ доллары (2 054 259,584 теңге) құрады.  Осы фактілер талданып, кеден бекетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмағанын анықтады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
  2. Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

      Сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелін талдау барысында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын төмендегідей лауазымдар тізбесі құрылды:

а)   Адам ресурстары басқармасының басшысы және мамандары;

ә) Камералдық мониторинг басқармасының басшысы және камералдық мониторинг №1,№2,№3 бөлімдерінің басшысы және мамандары;

б)  Аудит басқармасының басшысы және бас мамандары;

в)  Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы,  Кедендік әкімшілендіру және тарифтік реттеу бөлімінің басшысы және мамандары.

     Сонымен қатар, жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде, Департамент тарапынан азаматтар мен жеке кәсіпкерлерге «Активтер мен мүліктер» және «Кірістер мен мүлік туралы» декларациясын тапсыруда құқықтық насихаттау және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары Департаменттің аккаунтарында ашық жарияланып, азаматтарға қолжетімді.  Бұл өте ауқымды іс-шара болғандықтан, тұрақты түрде жалғасуда.

     Департамент сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелінің нәтижесі бойынша талдау жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған іс-шараларды  тұрақты түрде жүргізеді.

 

      Басшы                                                                                             А.Исенов

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
16 июня 2025