|
Приложение 1 к приказу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады – жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою және өзгерістер енгізу кезінде. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетілді. Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою және тіркеу деректерін өзгерту кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады. Орналасқан орны бойынша жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 79, 80 және 81 баптарына сәйкес құжаттарды ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді. Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, салықтық өтініште көрсетілген нотариат қызметін, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерді, салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады. Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияға арқылы көрсеткен кезде өтініштерді және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжататрды көрсетілетін қызметті беуршіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті алушы Салық кодексінің 79, 80 және 81 баптарына сәйкес көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға біріктендірілген салықтық ақпараттар жүйесі ақпараттық жүйесіне енгізеді және салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiнен шығару туралы ақпаратты әлде Салық кодексінің 79 бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабын жіберіледі. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушімен, Мемлекеттік корпорациямен уақытында қажет етілмеген құжаттарды сақтау шарттары: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтайды; Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына; мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1-қосымша
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (болған кезде) әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы) ________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағиданың Жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні_____________ Телефон __________ Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы 20__ жыл «___» _________
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 3-қосымша
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ облысының/қаласының Әділет департаменті Нормативтік құқықтық акті 14.07.2020 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20955 болып енгізілді
Результаты согласования Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 07.07.2020 12:09:35, положительный результат проверки ЭЦП Министерство юстиции РК - Исполнящий обязанности министра Наталья Виссарионовна Пан, 09.07.2020 18:31:13, положительный результат проверки ЭЦП Результаты подписания ҚР Қаржы министрлігі - Қаржы Министрдің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов, 10.07.2020 10:39:04, положительный результат проверки ЭЦП |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||