2026 жылғы акциз мөлшерлемелері: негізгі өзгерістер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгеріп, акциз салынатын тауарлар тізбесі кеңейтілді. Мөлшерлемелер Салық кодексінің 537-бабында белгіленген.
2026 жылы мөлшерлеме 1 литр үшін 100 теңгені құрайды. Алдағы жылдары ол кезең-кезеңімен өседі:
|
Жыл |
1 литрге акциз |
|
2026 |
100 теңге |
|
2027 |
140 теңге |
|
2028 |
180 теңге |
|
2029 |
200 теңге |
|
2030 жылдан бастап |
240 теңге |
Бұл — 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа акциз түрі.
|
Өнім түрі |
Акциз мөлшерлемесі |
|
Алкоголь өнімдері, шарапты, шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда |
100 пайыздық спирттің 1 литріне 2 805 теңге |
|
Шарап |
1 литрге 38 теңге |
|
Сыра және сыра сусыны |
1 литрге 99 теңге |
|
Этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны |
1 литрге 0 теңге |
Назар аударыңыз: 2 805 теңге мөлшерлемесі дайын сусынның бір литріне емес, оның құрамындағы 100 пайыздық спиртке шаққанда қолданылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін:
|
Өнім түрі |
Акциз мөлшерлемесі |
|
Сүзгілі және сүзгісіз сигареттер, папиростар, сигариллалар |
1 000 данаға 18 051 теңге |
|
Сигаралар |
1 данаға 825 теңге |
|
Тұтынушылық қаптамадағы түтік, шегетін, қорқор және өзге темекі |
1 килограмға 15 863 теңге |
|
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар |
1 000 данаға 11 230 теңге |
Темекі өнімдерінің бірқатар түрлері бойынша кейінгі жылдарға арналған мөлшерлемелер де белгіленген.
Сатып алу құны белгіленген шекке жететін немесе одан асатын көлік құралдарына құнының 10 пайызы мөлшерінде акциз қарастырылған:
— жеңіл автомобильдерге — 18 000 АЕК-тен бастап;
— кемелерге — 24 000 АЕК-тен бастап;
— әуе кемелеріне — 24 000 АЕК-тен бастап.
2026 жылғы АЕК — 4 325 теңге болғанда, бұл шектер тиісінше 77 850 000 теңге және 103 800 000 теңгені құрайды.
Акцизді есептеген кезде тауардың нақты түрін, өлшем бірлігін және тиісті кезеңге белгіленген мөлшерлемені ескеру қажет.