Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектілеріне тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері жатады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтер негізінде есептейді.
Салықты есептеу кезінде мүлік объектісінің салық салу мақсатындағы құны, белгіленген салық мөлшерлемелері, мүлікке иелік ету кезеңі және заңнамада көзделген жеңілдіктер ескеріледі.
Салық заңнамасында азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, ардагерлерге және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін басқа да тұлғаларға жеңілдіктер қарастырылған.
Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде беріледі.
Есептелген салық сомасын тексеруге және төлеуге келесі электрондық сервистер арқылы болады:
Белгіленген мерзімде салық төленбеген жағдайда салық берешегі қалыптасады және мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
Берешек өтелмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.
Ұлытау облысында 2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу қорытындысы бойынша: