2026 жылдағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік

МБ-ға салық түсімдері бойынша жылдық жоспар 76%-ға орындалды (жоспар – 397,6 млрд теңге, түскені – 301,2 млрд теңге).

РБ-ға салық түсімдері бойынша жоспар 62%-ға орындалды (жоспар – 274,6 млрд теңге, түскені – 170,3 млрд теңге), жоспар 104,3 млрд теңгеге орындалмады.

РБ бойынша жеткізілген қосымша жоспар 107%-ға орындалды (жоспар – 159,6 млрд теңге, түскені – 170,3 млрд теңге).

РБ бойынша жеткізілген жоспардың орындалмауына 2025 жылы жүргізілген 122,7 млрд теңге мөлшеріндегі ҚҚС қайтарымы әсер етті. Бұл ретте ҚҚС қайтару жоспары 26,9 млрд теңгені құрады.

Облыс бойынша барлығы РБ-ға КТС төлеуші 12 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 11 салық төлеуші төлем жүргізеді. ҚҚС бойынша 654 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 358 салық төлеуші ҚҚС төлейді.

2025 жылға жеткізілген жоспарға сәйкес «0» мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС қайтару сомасы 26,9 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша есепке жатқызуларды ескере отырып, қайтару сомасы 122,7 млрд теңгені құрады (ҚҚС қайтару бойынша жеткізілген жоспар сақталған жағдайда, РБ жоспарының орындалуы 97%-ды құрар еді).

Тиісінше, жалпы түсім 293 млрд теңгені немесе 107%-ды құрады.

ЖБ-ға салық түсімдері бойынша жылдық жоспар 106,4%-ға орындалды (жоспар – 123 млрд теңге, түскені – 131 млрд теңге), жоспар 8 млрд теңгеге артығымен орындалды.

ТҮСІМДЕРДІҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ

РБ-ға түсімдердің өсу қарқыны 112%-ды құрады (2024 ж. – 151,7 млрд теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 170,3 млрд теңге).

Өзге экономика салалары бойынша өсу қарқыны 154%-ды құрады (2024 ж. – 20,8 млрд теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 31,9 млрд теңге).

Жалпы алғанда, РБ түсімдеріндегі өзге экономика салаларының үлесі 19% немесе 31,9 млрд теңгені құрайды. Ал 81% немесе 138,4 млрд теңге жер қойнауын пайдаланушы ірі бизнес субъектілеріне («Қазақмыс» компаниялар тобы және ЖГОК) тиесілі.

2026 жылдағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік
Дата публикации
10 сентября 2026