2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік

2026 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша МБ-ға салықтық түсімдер жоспары 101,4%-ға орындалды (жоспар – 231,3 млрд теңге, нақты түсім – 234,5 млрд теңге). Жоспар 3,3 млрд теңгеге артығымен орындалды.

РБ-ға салықтық түсімдер жоспары 100,7%-ға орындалды (жоспар – 173,9 млрд теңге, нақты түсім – 175 млрд теңге). Жоспар 1,2 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Облыс бойынша барлығы РБ-ға КТС төлеуші 28 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 21 салық төлеуші төлем жүргізеді. ҚҚС бойынша 727 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 358-і ҚҚС төлейді.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша түсімдер жөніндегі көрсеткіштер орындалды.

РБ-ға түсімдердің ӨСУ ҚАРҚЫНЫ 224%-ды құрады (2026 жылдың 6 айында – 175 млрд теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 78 млрд теңге).

Ағымдағы жылдың 6 айында нөлдік мөлшерлеме бойынша 65,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылды (2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 29,8 млрд теңге).

Жалпы түсім 240,5 млрд теңгені немесе 230%-ды құрады.

ЖБ-ға салықтық түсімдер жоспары 104%-ға орындалды (жоспар – 57,4 млрд теңге, нақты түсім – 59,5 млрд теңге). Жоспар 2,1 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша түсімдер жөніндегі барлық негізгі көрсеткіштер орындалды.

Өзге экономика салалары бойынша өсу қарқыны 183%-ды құрады (2025 жылы – 12,3 млрд теңге, 2026 жылы – 22,6 млрд теңге).

Жалпы алғанда, өзге экономика салаларының РБ түсімдеріндегі үлесі 13%-ды немесе 22,6 млрд теңгені құрайды. Ал 87% немесе 152,4 млрд теңге ірі бизнес субъектілері – жер қойнауын пайдаланушыларға («Қазақмыс» компаниялар тобы және ЖГОК) тиесілі.

2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік
Дата публикации
10 сентября 2026