2026 жылы жалпыға бірдей декларациялау тәртібінде маңызды өзгерістер бар. Ең бастысы — 270.00 нысанындағы декларацияны барлық азаматтар жаппай тапсырмайды. Оны Салық кодексінде белгіленген санаттарға жататын немесе декларация тапсыруға негізі бар жеке тұлғалар ғана ұсынады.
2026 жылы Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны) 2025 жыл үшін ұсынылады. Тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
270.00 нысанын, атап айтқанда, мына тұлғалар тапсыруға міндетті:
2025 жылғы АЕК мөлшері — 3 932 теңге. Тиісінше, 20 000 АЕК — 78 640 000 теңге.
Бұл ретте есепті кезеңде сатып алынған мүліктің жиынтық құны ескеріледі. Мұндай мүлікке, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары мен тіркемелер, заңды тұлғалардың қатысу үлестері, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері және инвестициялық алтын жатады.
Декларацияны тапсыру негізіне байланысты онда:
Жалақы алу фактісінің өзі 270.00 нысанын тапсыру міндетін туындатпайды. Егер азамат декларация тапсыруға міндетті тұлғалар санатына жатпаса және онда заңнамада белгіленген кірістер, активтер немесе өзге де негіздер болмаса, декларация тапсыру талап етілмейді.
Бұған дейін 250.00 нысанындағы декларацияны тапсырған тұлға кейіннен жыл сайын 270.00 нысанын тапсыруы қажет деген түсінік қалыптасқан болатын.
2026 жылдан бастап бұрын 250.00 нысанын тапсырған фактінің өзі 270.00 нысанын жыл сайын тапсыру үшін дербес негіз болып табылмайды.
270.00 нысаны жаңа Салық кодексінде белгіленген тиісті негіздер болған кезде ғана ұсынылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 нысаны) заңнамада тікелей көзделген жағдайларда, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, банктік, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама талаптарына сәйкес ұсынылады.
Тапсыру мерзімі — декларацияны тапсыру міндеті туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Декларацияны электронды түрде:
Салық төлеушінің кабинеті, eGov, e-Salyq Azamat, сондай-ақ тиісті банктік мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады.
Сонымен қатар декларацияны қағаз түрінде мемлекеттік кірістер органдарына, ХҚКО арқылы немесе пошта арқылы ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.
Еске саламыз: 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларацияны тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.