
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің негізгі бағыттарының бірі кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру болып табылады.
Кедендік әкімшілендіру — мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын, мынаған бағытталған шаралар мен іс-қимылдардың жиынтығы:
- Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- кедендік төлемдердің, салықтардың, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының дұрыс есептелуін, толықтығын және уақтылы төленуін бақылау;
- мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- заманауи цифрлық технологияларды және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуін жеделдету және оңайлату үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру және процестерді жетілдіру;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылдың сервистік моделін дамыту және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
ЖАДЫНАМА
кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша
Декларация нысаны
270.00 – нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімге тапсыру қажет
2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер
Маңызды!
Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:
Ескертпе
Табыстардың осы түрлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсету және олар бойынша ЖТС есептеу кезінде 240.00 нысандағы декларацияны табыс ету талап етілмейді (Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы).
Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
3) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) Бағалы қағаздар;
5) Инвестициялық алтын;
6) Туынды қаржы құралдары;
7) Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.
«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі
Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» ұсыну тәсілдері
Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz) және eSalyq Azamat мобильді қосымшасы.
Қағаз тасығышта - мемлекеттік кірістер органдарына.
«Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» қайда тапсыру қажет
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді және жеке тәжірибемен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты (болатын) жері бойынша декларация тапсырады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.