"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметті

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметті

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары "АСТАНА-1" Кедендік және салықтық әкімшілдендіруді автоматтандыру жүйесі" арқылы көрсетеді.

Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті қызмет берушінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады және кеден декларациясында тауарларға арналған декларация түрінде қызмет берушіге тапсырылған сәттен басталады және тауарларды шығарумен аяқталады

Электронды түрдегі кедендік декларациялау Уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге не www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) тауарларға арналған декларацияны ұсынады.

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы;
2) көрсетілетін қызметті беруші.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде.
(қағаз (жазбаша) нысанда, егер көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілер мен интернет) жұмысындағы ақаулықтардан, электр энергиясының ажыратылуынан, авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына әкеп соққан өзге де мән-жайлардан туындаған, көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жүзеге асырылуы мүмкін).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі жағдайларын қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.30-ға дейін.
1-1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары) – тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал және ақпараттық жүйе: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ұсынуымен сүйемелденбейді.
ТД-ны қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз жеткізгіштегі құжаттарды, сондай-ақ оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
Мұндай құжаттарға мыналар жатады:
1) тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
3) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
4) тауарлардың шығарылуы туралы құжаттар;
5) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
6) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады:
1) кедендік декларация кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы жоқ көрсетілетін қызметті берушіге берілсе;
2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе және (немесе) оған қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаса;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған болса;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) қағаз жеткізгіштегі электрондық кедендік декларацияның немесе кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмесе;
6) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаса;
7) Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса;
8) Кодекстің 188, 189-баптарында айқындалған, кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде сақталуға тиіс тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері сақталмаса;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру жағдайларын, Кодекстің 80-бабына сәйкес кедендік алымдар төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген жағдайларда.
2. Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларды шығару кезінде жүргізетін шарттардың, оның ішінде Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген шарттардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындамауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарын орындамау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталуы;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сақталмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыда кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болуы;
5) Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша тауарды көрсетпеу;
6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімін жаңартпау;
7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды орындамау;
8) жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарларды Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызбау;
9) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларына кедендік бақылау жүргізу кезінде: әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіз болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;
анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алынбаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) кедендік және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.